2026 жылғы 13 мамырда SKYHANSA компаниясы Астана қаласында өткен «Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің экономикалық интеграциясы мен кооперациясы: өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, логистика және цифрландыру салаларындағы жаңа мүмкіндіктер» атты Бизнес-форумға қатысты
Форум экономикалық интеграция, логистиканы дамыту, цифрландыру және Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылау үшін бизнес өкілдерін, салалық сарапшылар мен халықаралық серіктестерді біріктірді
Панельдік сессия аясында SKYHANSA компаниясы келесі тақырыпты ұсынды:
«Жекеменшік коммерциялық әуежай құрылысы — Түркі әлемі мен ASEAN елдерінің кооперативтік экономикасын, сауда және логистикалық ынтымақтастығын дамыту драйвері»
Баяндам барысында заманауи авиациялық және логистикалық инфрақұрылымды дамыту, халықаралық сауда кооперациясын нығайту, сондай-ақ экономикалық өзара іс-қимыл мен инвестиция тартудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыру мәселелері қарастырылды
Форумға қатысу кәсіби тәжірибе алмасу, іскерлік байланыстарды нығайту және халықаралық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылау үшін маңызды алаңға айналды
SKYHANSA компаниясы көлік саласын, логистиканы және халықаралық экономикалық интеграцияны дамытуға ықпал ететін инфрақұрылымдық жобаны белсенді түрде ілгерілетуді жалғастыруда

