SKYMAX «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА аумағындағы әуежай жобасы үшін халықаралық қаржылық кеңесшіні тартты
2025 жылғы 24 желтоқсан
SKYHANSA тобының құрамына кіретін SKYMAX компаниялар тобы (51%) «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында халықаралық жүк-жолаушы әуежайын салу жобасын іске асыру аясында қаржылық-консультациялық қызметтер көрсету туралы халықаралық консалтингтік ScholzvonGleich LLP компаниясымен келісімге қол қойды.
Қаржылық кеңесшімен жүргізілген жұмыс барысында жобаның бірінші кезеңіндегі қаржылық жүктемені азайту және қаржылық ресурстарды іске асырудың кейінгі кезеңдеріне қайта бөлу туралы шешім қабылданды. Осылайша, жобаның бірінші кезеңін іске асыру құны 200 миллион АҚШ долларына дейін шегінде жоспарланып отыр.
Тәуелсіз қаржылық кеңесшіні тағайындау – жобаны сыртқы қаржыландыруды тартуға дайындаудың маңызды кезеңі болып табылады және инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың халықаралық стандарттарына сәйкестігін, ашықтығын және инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.
SKYHANSA компаниясы Қазақстанның халықаралық көлік дәліздеріне ықпалдасуының негізгі элементіне айналатын заманауи көлік-логистикалық торап құру және авиациялық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда.

