Астана. 15 мамыр – Қазақстан–Қытай арасындағы алғашқы көлік форумы Астанада өтіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
«Форумға екі елден 300-ден астам іскерлік қауымдастық өкілдері мен көлік-логистика компаниялары қатысуда. Форум аясында B2B және G2B кездесулер өтеді. Бұл форум жыл сайынғы іс-шараға айналады деп күтілуде», – делінген хабарламада.
Бүгін форум аясында SPG Циндао порттар тобы мен Қазақстанның Құрық порты арасында Меморандумға қол қойылғаны хабарланды.
Ақпаратқа сәйкес, тараптар порттарды жоспарлау мен дамыту, операциялық және басқарушылық процестер, «ақылды» және экологиялық таза порттар салу, кадр даярлау, процестерді жетілдіру және өнімділікті арттыру бағыттарында ынтымақтастықты кеңейтуді көздеп отыр.